Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ОНКҮНДІКТІҢ ЖАБЫЛУЫ

Білім сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында ұйымдастырылған жазғы мектептердің жұмысы әдістемелік сүйемелдеу тапты.

2021 жылдың 9-19 маусым аралығында Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты аталған міндеттерді сапалы орындап, әдістемелік көмек беру, кәсіби қолдау мақсатында ұйымдастырған  «Нәтижеге бағытталған жазғы мектеп» атты онкүндік іс-шаралар шеруі  өз мәресіне жетті.

Түзілген бағдарлама негізінде бастауыш сынып мұғалімдеріне «Дүниетану пәніндегі күрделі тақырыптарды оқыту», биология пәні мұғалімдерінің жазғы мектепте оқушыларды оқыту үдерісінде қажетті «11-сынып бойынша биология пәнінен күрделі тақырыптар» және математика пән мұғалімдеріне «Заманауи әдіс тәсілдерді қолданудың тиімділігі» шебер-сыныптары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Заманауи сабақ: оқу сауаттылығы», бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Бастауыш сыныптың математика пәніндегі күрделі тақырыптарды меңгертудің жолдары», «Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай тапсырмалар құрастыру» оқыту семинарлары және тарих пәнін оқыту аясында «Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізу дағдысын арттыру»  оқыту сағаты ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараларда  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ПҚБАИ тренерлері мен әдістемелік орталықтың әдіскерлері пән  мұғалімдеріне сабаққа дайындық кезінде педагогтің оқу материалдары мен ресурстарын тиімді таңдау, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірлеуде кездесетін мәселелер бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

2021 жылдың 18 маусымы күні «Нәтижеге бағытталған жазғы мектеп» атты онкүндік іс-шаралар шеруінің  жабылу салатанаты Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның  базасында  өтті.  Онда жазғы мектеп кезеңіндегі мектептің оқушылар үшін ұйымдастырған сабақтарының үздік үлгілері көрсетілді.

Онкүндік іс-шаралар жұмыстарын қорытындылау рәсімі онлайн форматта өткен конференцияға ұласты. Жиынға «Жазғы мектептердің жұмысын ұйымдастыру туралы» әдістемелік ұсынымдарды әзірлеп, педагогтерге жүйелі жұмыс жасауды қолдау еткен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Өрлеу» институтының, Әдістемелік орталықтың өкілдері және Шымкент қаласының педагогикалық қауымдастығы қатысты. Қатысушылар жұмыс нәтижесінде, жазғы мектепті ұйымдастыру барысында оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру аясында ұйымдастырылған іс-шаралар мақсатына жеткендігіне сенім білдірді.