Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

КӘСІБИ ЭТИКА ЖАЙЛЫ ОЙ-ТАЛҚЫ БОЛДЫ

2021 жылдың 17 маусымында «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіби этика және іскерлік этикет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді кафедраның аға оқытушысы Раймкулова Жанат Абдикалыковна жүргізді. Дөңгелек үстел барысында адамның мінез-құлқын жақсылыққа бағыттайтын және бағдарлайтын құндылықтар жүйесі туралы ойлар айтылды. Мұғалімдердің өз кәсібін жүзеге асырудағы міндеттері мен құқықтарын реттейтін құндылықтар мен принциптерді зерттейтін ғылым – педагогикалық этика жайлы көзқарастар берілді.

Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары мен облыс мектептерінен мұғалімдер қатысты және кәсіби этика мен этикет жайлы өз пікірлерімен бөлісті, сұрақтарын қойып жауап алды.

 

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы

Ж.Раймкулова