Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ: ГРАММАТИКА НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

2021 жылғы 17 маусымда «Әдістеме және педагогикалық инновация» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыс жоспары аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары «Оқушылардың білімін жетілдіру: грамматика не үшін қажет?» тақырыбында №124 жалпы орта мектеп мұғалімдерімен тренинг өткізді.

Кафедра меңгерушісі Г.К.Рахимжанова оқушылардың сөздік қорын дамытуда грамматиканы оқытудың өзектілігі мен екінші тілді  меңгертуде бүгінгі іс-шараның  маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында мұғалімдер  жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша орыс тілі пәнін оқытуда оқу мақсаттары мен тілдік дағдыларды меңгертудің жолдарын талқылады.

Тренерлердің курс барысындағы тұжырымдауы бойынша оқу үдерісінде оқушылар орыс тілінің негізгі  грамматикалық  ерекшеліктерін тәжірибелік негізде игеруі қажеттігі нақтыланды.

 

Оқушылар сөйлемнің құрылымдық моделін, сөйлемдегі сөздердің реттілігін ажыратып, орыс тілі грамматикасының ережелеріне сәйкес қажетті формаларды қолдана алу қажет.

Тренингте академик Л.В.Щербаның әйгілі сөзін талқылай келе, мұғалімдер оқушылардың орыс тілінде қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастырудағы грамматикалық дағдылардың маңыздылығы мен әр түрлі коммуникативті жаттығулар жасаудың қажеттілігі туралы қорытындыға келді.

 «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі

Г.К.Рахимжанова