Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

АЙДЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Жуманова Райхан Муратовнаны маусым айының қорытындысы бойынша «Айдың үздік қызметкері» болуымен құттықтаймыз!

Райхан Муратовна — ҚР ПҚБАИ деңгейлік бағдарламалары аясында үшінші (базалық) және  екінші деңгей бағдарламасы бойынша халықаралық дәрежеде,  орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған тренер. Райхан Муратовнаның республика бойынша жаңартылған білім беру бойынша өткізген курстарына қатысқан  педагогтер бүгінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.

Жуманова Райхан Муратовнаның педагогикалық іс-тәжірибесіндегі жетістіктерін бөліссек: «Аз мөлшердегі реактивтермен жүргізілетін жұмыс істеу техникасы мен методикасы», «Химия пәнінен шығарылған есептер жинағы», «Экологиялық білім мен тәрбие беру», «Анатомияны тірек-сызба арқылы оқыту», «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындар», «Химия пәнінен шығарылған олимпиадалық есептер жинағы», «Химия мен биологияны көптілді білім беру негізінде оқытудың әдістемелік ерекшеліктері», «Элементтер химиясы»,  «Мектептегі формативті бағалау», «Сындарлы оқыту мектеп практикасында», «Сындарлы оқыту мектеп тәжірибесінде: мұғалім тәжірибесі», «Рефлексивтік есептерді жазу қадамдары», «CLIL әдістемесін пәндер мен тілдерді кіріктіруге қолдану», «Квалитология негізі –квалиметрия»,  «Химия пәнін оқытудағы  STEM  технологиясының мүмкіндіктері», «Білім мазмұнын жаңартуда жалпы орта білім беретін мектептердегі жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдеріне  арналған критериалды бағалау бойынша ұсынымдар мен қысқа мерзімді жоспарлар үлгілері» тақырыбында 28 оқу-әдістемелік құралдарының авторы. 178-ге жуық ғылыми мақалалары республикалық және халықаралық конференция жинақтарында (шетелде: соның ішінде Польша, Австрия, Бишкек, Ресей ВАК-қа енген басылымдарда  ғылыми мақалалары жарық көрді)  жарияланды.

Райхан Муратовна «Бағдарлы оқытудағы қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламалары»  мен  қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне арналған «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында заманауи сабақты ұйымдастыру»  білім беру бағдарламаларын әзірледі.

Осы институтта біліктілігін арттыру саласындағы қызмет кезінде алған марапаттарымен бөліссек, «Кәсіподақтың үздік қызметкері» медалі (2012), Республикалық  РҒПО ғылыми — практикалық «Дарын» орталығының Алғыс хаты (2002), Ы.Алтынсарин Ұлттық Академиясының Құрмет грамотасы (2010), «Оқулық» республикалық  ғылыми практикалық орталығының Алғыс хаты (2015), облыстық Білім Департаментінің Құрмет Грамоталарымен(1999-2020), Біліктілігін Арттыру Институтының Құрмет Грамоталарымен (1999-2020), халықаралық және республикалық ғылыми — практикалық конференциялардың сертификаттарымен марапатталған.

Институт базасында республикалық, облыстық курсаралық іс-шараларды ұйымдастыруда белсене қатысады.

2019 жылы 23 қазанда «Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын  жаңарту аясындағы білім беру бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» және 2020 жылы 27 ақпанда «Жаратылыстану-математикалық пәндер сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар» тақырыбында институттың операциялық жедел жоспарына сайкес, облыстық  фасилитативті сессияны жоспарлап өткізді.

2017 жылы 17 қарашада химия — биология пәндері мұғалімдеріне арналған  «Химия және биология пәндерінде критериалды бағалауды қолдану – оқушының білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында, 2018 жылдың 03 қазанында жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдеріне арналған  «Жаратылыстану-математика пәндерін оқытудағы STEАM  технологиясының мүмкіндіктері» тақырыбында және 2019 жылғы 18 қазанда,   2020 жылдың  21 ақпанында, 2021 жылдың 28-мамырында химия, биология пәндері мұғалімдеріне арналған  «Химия және биология сабақтарында оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық форумдар өткізді.

Виртуалды білім беру бағытының аясында еліміздегі үздік педагогтердің эстафетасына қатысушы мұғалімдермен шығармашылық топ құрған Р.Жуманова оқу бағдарламасының талаптарына сай сандық білім беру ресурстарын дайындауда облыс мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуде.