Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНДЕГІ КҮРДЕЛІ ТАҚЫРЫПТАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ШЕБЕР-СЫНЫП ӨТТІ

Ағымдағы жылдың маусым айының 9-жұлдызы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институты  Шымкент қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығымен  бірлесіп ұйымдастырылған «Нәтижеге бағытталған жазғы мектеп» атты он күндік іс-шарлар шеруінің аясында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушылары  Шымкент қаласындағы  №23 жалпы орта мектеп базасында «Дүниетану пәніндегі күрделі тақырыптарды оқыту ерекшеліктері» тақырыбында шебер-сынып өткізді.

Шебер сыныптың мақсаты: өткен және қазіргі кездегі қоғамдық құбылыстарды және олардың өзара байланыстарын зерттеуге арналған тапсырмаларды қарастыру. Ғылыми түсінік пен көзқарасты дамыту тәжірибесімен бөлісу. Шебер сынып барысында зерттеу және жобалық оқыту тәсілдерімен  таныстырылды. Мұғалімдер зерттеуге бағытталған оқу мақсаттарын анықтап, мақсатқа жету жолдарын қарастырды. Зерттеуге бағытталған «Ойлар кілемі», «Жуан және жіңішке сұрақтар», «Бұрыштар әдісі», т.б. оқыту тәсілдерін пайдалауға мүмкіндік берілді. Шебер сынып қорытындысында қатысушылар үйгерген тәсілдері үшін алғыстарын кері байланыс арқылы жеткізді.

 

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» аға оқытушылары

Р.Керімбекова, Н.Азбердиева