Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖАЗҒЫ МЕКТЕП» ОНКҮНДІК ШЕРУІ БАСТАУ АЛДЫ

2021 жылдың 09-19 маусым аралығында Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығымен бірлескен жазғы мектептер қызметінің сапасын арттыру, оқушылардың білімінің кемшін тұстарын анықтау және жою жолдарын қарастыру мақсатында «Нәтижеге бағытталған жазғы мектеп» атты онкүндік іс-шаралар шеруі басталды.

Іс-шаралар шеруінің ашылу рәсімі 09.06.2021 жылы ZOOM платформасында ұйымдастырылды. Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығы директоры, ф.ғ.к. М.Медетбекова өзінің алғысөзінде бүгінгі таңда Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының 62%-ы, яғни 121744 оқушы жазғы мектепте оқып жатқандығын және республика бойынша оқушының қамтылуы бойынша алдыңғы қатарда тұрғандығын атады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша  ПҚБАИ  директоры, п.ғ.д., профессор Л.Искакова әдістемелік нұсқау беру бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар кешенінің мұғалімдер үшін оқушылардың білімінің кемшін тұстарын анықтау және жою бойынша әдістемелік ұсыныстар берудің маңыздылығына тоқталды.

Бірлескен жоспар аясында Шымкент қ., №23 З.Космодемьянская атындағы мектеп-лицейде бастауыш сынып мұғалімдеріне «Дүниетану пәніндегі күрделі тақырыптарды оқыту» шебер-сынып (спикерлер – Керимбекова Р., Азбердиева Н.) және №80 ІТ мектеп  лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін «Заманауи сабақ: оқу сауаттылығы» атты оқыту семинары (спикер – Керимбекова Ф.) ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ПҚБАИ тренерлері мен әдістемелік орталықтың әдіскерлері пән  мұғалімдеріне қиын тақырыптарға байланысты ресурстарды  таңдауда, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі кемшін тұстарын толықтыруға қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірлеуде кездесетін мәселелер бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

Барша педагогтер қауымын аталған онкүндік іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз!

Әдістемелік ұсынымдардың толық нұсқасын http://orleu-uko.kz/ сайтында алуға болады, сілтемелер қосымша беріледі.

 «Бастауыш оқыту әдістемесі және курстан кейінгі қолдау» зертханасының меңгерушісі 

Айберова Г.К.