Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

2021 жылғы 17.05-28.05 аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының ұйымдастыруымен бекітілген «Орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Информатика» жалпы білім беру пәні бойынша колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы барысында тыңдаушылармен «Тиімді оқыту мен белсенді оқу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жақсарту, олардың балаларды тиімді оқуға жетелеу қабілетін арттыру. Информатиканы оқытуда белсенді оқу әдістерін қолданудың маңызын ұғыну.

Дөңгелек үстел барысында «Тиімді оқыту мен белсенді оқу тәсілдері» және «Белсенді студент пен белсенді мұғалімнің сипаттамалары» талқыланды.

Жаңартылған білім беру жүйесінің өзекті тақырыптары талданған дөңгелек үстел тақырыбына тыңдаушылар кері байланыс жасай отырып қорытындылады. Іс-шара нәтижесінде курс қатысушылары дөңгелек үстелді жемісті ұйымдастырғаны үшін кафедраның аға оқытушысы К.Акбердиеваға алғыстарын білдірді.

«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы

Қ.Ақбердиева