Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Бағалау әдістерін тиімді қолдану арқылы табысты нәтижелерге қол жеткізу» тақырыбындағы облыстық семинар

142

     «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ және Шымкент қаласы №86 жалпы орта мектебінің  бірлескен іс-жоспары бойынша 2015 жылдың 9 желтоқсанында мектеп базасында «Бағалау әдістерін тиімді қолдану арқылы табысты нәтижелерге қол жеткізу» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.

    Семинардың мақсаты: Командалық оқыту арқылы бағалау әдістерін тиімді қолдану,   oқыту үдерісінде Деңгейлік бағдарлама идеяларын кеңінен  енгізу, Назарбаев зияткерлік  мектебінің іс-тәжірибесін тарату,  мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіруге көмектесу.

   Семинар жұмысы сабақтарды  командалық түрде  оқытуда жүргізілді. Екі  мұғалім бірігіп  бір пәнді, тарих пен география , химия мен биология пәндері кіріктірілген сабақ түрінде өтілді.Семинар үш бағытта: бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтары, гуманитарлық бағыттығы және жаратылыстану бағыттары бойынша және шебер сынып пен коучинг өткізілді. Сабақта  оқушылар шағын топтарда біріге отырып жұмыс   жүргізді.

141 (1)Сабақта оқушы білімін  критериалды  бағалауда мынандай басты  ерекшеліктер болды:

  • алдын ала бағалау шкаласы ұсынылды,  анық, айқындылығы;
  • жетістік критерийлері оқыту мақсаттары бойынша нақты айқындалып байланыстырылды;
  • оқушыларға   өзін, бірі-бірін бағалауға мүмкіндіктің берілді және бағаны академиялық әділ қоюға бағытталуы;
  • дұрыс жауап эталондарының көрсетілуі.

143   Сабақ соңында мұғалімдердің бүгінгі сабақ оқыту мақсаттарына сай тапсырмаларды меңгеруі бойынша қорытынды бағалауларын  диаграмма жасап, диагностикалауды  ашық түрде көрсетуі өте тиімді шықты. Өйткені, бала диагностикалық бағалауда  өз жұмыстарының деңгейін  зерделей отырып алға қарай қалай жылжу керектігін нақты бағыт-бағдар ала алды.Сонымен қатар мұғалім де сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы   ата-анасына ақпарат бере алады,өзіне кері байланыс орнату мүмкіндігі  де молаяды.

  Семинар қорытындысында қатысушылар   мұғалімдердің  қысқа мерзімді сабақ жоспарлары мен бағалау техникалары  үлгісін құндылығын жоғары бағалай отырып, семинар материалдарын жинақтап облыс мұғалімдеріне әдістемелік көмекші құрал ретінде  тарату ұсынылды.