Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Айдың үздік қызметкері

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау»   кафедрасының аға оқытушысы Токеев Бертай Есмахановичті мамыр айының қорытындысы бойынша «Айдың үздік қызметкері» болуымен құттықтаймыз!

Бертай Есмаханович  1986-90 жылдары Әл-Фараби атындағы Шымкент  педагогикалық мәдениет институтында оқып, үздік қызыл дипломмен бітірген, 1990-2006 жылдары мектеп мұғалімі, тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары, М.Әуезов жалпы орта мектебінің директоры, ал 2006 жылдан бастап Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында музыка пәнінің әдіскері болып қызмет атқарды. 2012 жылдың 5-ші қазанынан бастап аға оқытушы. 2014 жылдан бастап  Үшінші (базалық) деңгей бойынша   педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсында  Халықаралық дәрежедегі тренер қызметін атқарды. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында  «Музыка» пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша сертификатталған тренер.

Шығармашылық жұмыстары мен жетістіктері: 1990 жылдан бері қолөнермен айналысады. Республикалық «Жыл мұғалімі-1998» байқауының жүлдегері, Қазақстан білім беру ісінің үздігі. 1998 жылы Алматыда  өткен Білім қызметкерлерінің  Республикалық I-ші сьезінің делегаты. 2000 жылы үздік қолөнер жұмыстары «Түркістан-1500» жылдық мерей тойына қатыстырылып, Елбасыға  арнайы таныстырылды. Ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру жұмыстарын қолға алып, ағаштан, металдан әртүрлі қолөнер туындыларын  жасайды. Облыс көлеміндегі барлық көрмелерге  қолөнер жұмыстары қатыстырылып тұрады. 60-тан астам  әндері мен музыкалық шығармалары бар. 2002 жылы  Білім және  ғылым министрлігі бекіткен «Қалдырар ізің мәңгілік» атты кітапқа енген. 2011 жылы  «Мәңгілік сезім» атты  кітабы «Кітап» баспасынан жарық көрді. 2020 жылы «Жыр жауһарлары» атты жыр кітабы Алматы қаласы «Үш қиян» баспасынан жарыққа шықты.

Өзінің педагогикалық іс-тәжірибедегі жетістіктерімен бөлісу мақсатында 70-ке жуық ғылыми мақалаларын республикалық және халықаралық конференция жинақтарында жариялады.