Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Өскелең ұрпаққа Тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастырудағы мұғалім рөлі

Тәуелсіздігіміздің  30 жылдығына орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент  қаласы бойынша ПҚБАИ  «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары  2021 жылдың 29 сәуірінде «Өскелең ұрпаққа Тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастырудағы мұғалім рөлі» тақырыбында онлайн форматында  облыстық дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: өскелең ұрпаққа тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастырудағы мұғалім рөлін айқындау, тарихи сана қалыптастыруда әдістемелік ұстанымдарды талдау.

Іс-шара барысында кафедраның аға оқытушысы Қуанышбек Г.Е. «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихын оқытудың әдістемесі» тақырыбында баяндама оқыды.Тәуелсіздіктің құндылықтарын  насихаттауда, бойында отансүйгіштік қасиеті жоғары жас ұрпақ тәрбиелеуде мұғалімдерді әдістемелік сүйемелдеу жолдары талданды.

Дөңгелек үстел соңында сұрақтар мен ұсыныстар талқыланып, қашықтықтан оқыту жағдайындағы Тәуелсіздікдіктің 30 жылдығына арналған мектепішілік мерекелік шараларда  назарға алатын мәселелер аталды.

 

  «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары

Қуанышбек Г.Е., Кенжехожаева Л.Ш.