Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті

2021 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА қолдауымен, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Түркістан облысы әдістемелік орталығы қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Өнер-білім бар жұрттар…» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Іс-шараға Түркістан облысының әдістемелік орталықтары қызметкерлері, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ, Шымкент қалалық әдістемелік орталығы, ЖОО-ның педагогтері мен білім беру ұйымдары қатысты.

      Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсарин тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой талғамдарын кеңінен дәріптеу мақсатында өткізілген ғылыми — практикалық конференцияда «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы М.Мусаева баяндама жасады.

М.Мусаева «Ы.Алтынсарын– халық ағартушысы, қоғам қайраткері» атты баяндамасында ұлы педагогтың шығармалары — құндылықтарды дарытудың рухани көзі, ұлт қамын ойлаған ұлы тұлғаның, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін біліп, оны қадір тұту – ел мерейін асырары сөзсіз екендігі туралы айтты. Іс-шара қорытындысында ұйымдастырушылар қатысушыларға құнды баяндамалар жасалғандығын атап өтіп, алғысын білдірді.

 

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының

аға оқытушысы М.Мусаева