Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Кәсіби этикалық нормалар мен қағидалар талқыланды

2021 ж. 28 сәуір күні «Кәсіби этикалық нормалар мен қағидалар» тақырыбында онлайн режимінде облыстық дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: педагогтердің кәсіби этикалық нормалар мен қағидаларын ұстану бойынша  құзыреттілік денгейін арттыру.

Аталған іс-шараға Түркістан қаласы, Түлкібас, Созақ аудандарының мектеп мұғалімдері қатысты.

Онлайн дөңгелек үстелде Түркістан облысы, Созақ ауданы, І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Атаулаева Динара Даулетбаевна «Қашықтықтан оқыту барысында мұғалім мен оқушының этикасы», Түлкібас ауданы, Б.Садықов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі  Сексенбаева Шамжанат Тургуновна «Әдептілік-педагогтің мінез құлқындағы ерекшелікке айналу керек», Түркістан қаласы, №31 бастауыш мектептің мұғалімі Сапарбекова Айдана Кенжебекқызы «Мұғалім этикасы, мұғалім мен оқушы және ата-ана арасындағы қарым-қатынас» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

Іс- шара барысында қатысушылар кәсіби этикалық нормалармен қағидалар және қашықтықтан оқыту барысында мұғалім мен оқушының этикасы, әдеп нормаларын сақтау,этикеттің түрлі аспектілері талқыланды. Нәтижесінде мұғалімдер кәсіби этикалық нормалар мен қағидаларын,  педагогтердің құзыреттілік денгейін арттыру қажеттілігімен  танысты.

Дөңгелек үстел қатысушылары алған ақпараттары үшін алғыстарын кері байланыс арқылы жеткізді.

 

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы

Садирмекова Назира Калдарбековна