Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЛАЙ ЫНТАЛАНДЫРУҒА БОЛАДЫ

2021 жылдың 28 сәуір күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының  «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі»  кафедрасының аға оқытушысы Әлімбетова Салтанат Сейтханқызы YouTube каналында, онлайн форматында «Қашықтықтан оқыту жағдайында география пәнінен оқушыларды қалай ыңталандыруға болады»тақырыбында география  пән мұғалімдерімен вебинар  ұйымдастырылды.

Іс-шараға 25 география пәні мұғалімдері қатысты. Іс-шараның мақсаты: Қашықтан оқыту жағдайында оқушыларды оқуға ынталандырудың тиімді жолдарын география пәні  мұғалімдері таныстыру.

Жұмыс барысында келесі тақырыптар қарастырылды.

  1. Мотивация дегеніміз не?
  2. Неге қашықтан оқыту жағдайында оқушыны сабаққа ынталандыру маңызды?

Вебинар барысында география пән мұғалімдері арасында оқушылардың қашықтықтан оқыту жағдайында түрлі дағдыны дамыту ойындары арқылы оқушының жұмыс жасау белсенділігін арттыру жайлы айтылды.  Мысалға: «сиқырлы қаламсап», «радио арнасы» т.б.

Вебинарға қатысушылар өздеріне қажетті құнды мәліметтер алғандарына алғыстарын білдірді.

 

 

«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі»

кафедрасының аға оқытушысы Әлімбетова Салтанат Сейтханқызы