Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Рухани жаңғыру — ұлт болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша кәсіби құзыреттілікті дамыту» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсы аясында «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары, ғылым кандидаты Байназарова Баглан Ашимбековна және Сағынтаев Қайрат Сағынтайұлының ұйымдастыруымен 22 сәуір 2021 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде «Рухани жаңғыру — ұлт болашағы» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге курста біліктіліктерін арттырып жатқан облысымыздың тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты: тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаевтың қызметі жайлы оқушылардың білімін тереңдету. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының тәуелсіз, демократиялық мемлекеттің дамуына қосар тарихи рөлін ашу болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында рухани жаңғыру- сананың ж

аңғыруы дей отырып, түрлі түсіндірмелер жасалынды. Мақаланы айшықтай отырып, әр бөліміне жеке тоқталған Сағынтаев Қ.С. «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты өзінің баяндамасында: «Рухани жаңғыру мәселесіне байланысты айтарымыз өте көп. Осы бағдарлама аясында үлкен мақсат қойылып, көптеген игі жұмыстар атқарылып жатыр. Бәрімізге белгілі рухани жаңғыру бұл — сананың жаңғыруы. Мұны Мемлекет Елбасымыз жеке-жеке жіктеп те көрсеткен болатын. Осыған орай өмірде прагматизм бойынша қолындағы бар ресурстарды үнемді түрде жұмсап, қолыңнан келетін дүниені көрсетуіміз керек» — деп атап өтті.

Ал Байназарова Б.А. өзінің «Басқарудың президенттік нысаны» тақырыбындағы баяндамасында тұңғыш президентіміз, Елбасының ерең еңбектерін ерекше талдап өтті.

Дөңгелек үстелде курс тыңдаушысы Халметова Мавлуда Азатбековна «Рухани жаңғыру — мәңгілік ел болуға бастар жол» тақырыбында баяндама жасап, рухани жаңғырудың мәңгілік ел болуда алар орны мен роліне тоқталды. Дөңгелек үстелде Оспанова Мөлдір Рахымбекқызы, Сұлтанбекова Ұлжан Жұпарбекқызы, Абдулхайев Акжол Хабибуллаевич секілді курс тыңдаушылары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша өз пікір, көзқарастарын білдірді.

 «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы

Сағынтаев Қайрат Сағынтайұлы