Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

АЙДЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ

Біліктілік арттыру саласында атқарған ерен еңбегі үшін ақпан айының үздік қызметкері ретінде  филиалдың «Педагогикалық инновация және курстан кейінгі қолдау»  зертханасының меңгерушісі  Наталия Курбановнаны құттықтаймыз!

Наталия Курбановна білім беру жүйесінде жұмыс атқарып отырғанына  37 жыл толды. Оны жоғарғы деңгейдегі білімділігі мен біліктілікті арттыру жүйесінің дамуына қосқан үлесі ерекшелендіреді. Өзін білімді және жақсы ұйымдастырушы ретінде көрсете білген Н.Ядгарова ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу әдістері мен дағдыларын терең меңгерген.

Н.К. Ядгарованың 2000 жылы тікелей қатысуымен облыстың білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет құрылды, онымен қоса біліктілікті арттыру институтында «Сенім» психологиялық-оқыту орталығы ашылды. Орталықтың қызметі  мұғалімнің инновациялық білім беру қызметіндегі дайындығы мен қайта даярлануы кезінде болатын қобалжудың алдын алу мен психотүзетулерге бағытталды.

Н. Ядгарованың тікелей басшылығымен, алғаш рет, облыстың білім беру жүйесінде жалпы орта мектептердің педагог-психологтарын даярлау және қайта даярлауы бойынша оқу-әдістемелік кешен құрастырылды. Аталған 360 сағатттық бағдарлама өз кезегінде жалпы орта мектептерге психолог-практиктерді даярлауға септігін тигізді.

2012 жылы Н.Ядгарова облыстың білім беру субъектілеріне ұсынылатын БАИ білім беру қызметтерінің сапасын зерттеу мақсатында «БАИ білім беру қызметтерінің мониторингі» бағдарламасын жасақтаған.

Н. Ядгарова өз кәсіби қызметіндегі өте жоғары жетістіктері үшін «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгілерімен және облыс әкімдігінің, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының,  ҚР Білім және ғылым министрлігінің мадақтамаларымен марапатталған.

Н.Ядгарова ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен білім беру саласындағы проблемалар және олардың шешу жолдарына аса қызығушылық танытады. Оны еңбекқорлығы, тілтабыстығы, ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қабілеттері арқасында ұжымда лайықты құрмет пен беделге ие!