Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

PISA форматындағы сауаттылық басты мақсат

PISA зерттеулерінің алдыңғы нәтижелері бойынша, қазақстандық мектеп оқушылары пәндік білімдерін еске түсіру немесе өздеріне таныс оқу жағдайларында қолдана алу деңгейінде меңгергені байқалған, бірақ білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда қолдануда едәуір қиындықтар туындаған; табиғи құбылыстарды, нақты деректерді, технологиялар мен оларды енгізудің қоғам мен қоршаған орта үшін салдарын түсіндіруге дайындықтарының жетіспеушілігі байқалған; зерттеулер негізінде қорытынды жасау, проблемаларды шешу жолдарын ұсыну, ғылыми деректерді жетік түсіндіру және бағалау, келтірілген қорытындылардың дұрыстығын бағалау білігі қалыптаспағандығы көрсетілген.

Осы жағдайды ескере отырып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қ. бойынша ПҚБАИ «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының қызметкерлерінің қатысуымен ақпан айының 24-і күні «PISA-ұлттық білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіші» тақырыбындағы республикалық онлайн ғылыми әрі тәжірибелік конференция ұйымдастыру жоспарлануда. Білім саласының жанашырларын конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Толық ақпарат http:// www.orleu-uko.kz» сайтында жарияланған.

Есентуреева Г. «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді

оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі