Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Құттықтаймыз!!!

«Nur Otan» партиясының салтанатты жиыныда «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы Елбасымен бірге қол жеткізген жеңіс Отанымыздың игілігі мен өркендеуіне қызмет ететінін, партияның бүгінгі күндегі жетістігі – жүздеген мың белсенді азаматтың қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін атап өтіп, белсенді мүшелерге марапаттар табыстады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен маслихаттары депутаттарын сайлау кезінде сайлау науқанына белсенді атсалысқаны үшін «Nur Otan» партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің Алғыс хатымен институт директорының орынбасары, т.ғ.к. Ахтаев М.Б. марапатталды.

Мұхтар Бексұлтанұлы! Мерей тойыңызбен тұспа тұс келген марапатыңыз құтты болсын!

Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз! Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ болсын!