Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Бірлескен дөңгелек үстел өтті

Жаһандану дәуірінде қазіргі ұрпақ тәрбиесінің маңызды факторларының бірі – тарих пен тарихи сананың құндылығын қалыптастыру. Компьютерлендірудің кең таралуы, жаңа технологияға ие болу қазіргі кезде рухани және құндылықтық өлшемдерді ығыстырып барады, оқушылардың қоршаған ортасында жаңа адамгершілік қатынастардың қалыптасуына әкеледі.

2021 жылы 17 ақпанында «Өрлеу» БАҰО АҚФ-ның Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының жедел жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру – жарқын болашақ, кемел келешек» тақырыбында  Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасымен бірлескен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылары, сонымен қатар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: педагогтердің кәсіби біліктілік дағдыларын арттыруына және оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру дағдыларының кәсіби дамуына ықпал ету.

 

 

 

 

Дөңгелек үстел барысында Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева «Бастауыш сыныпта рухани-адамгершілік тәрбие берудің мәні» тақырыбында баяндама жасады. З.Оралбаева өз сөзінде бағдарламаны іске асыру жолдарының негізгі басымдықтары туралы түсіндірме берді, сонымен қатар бәсекеге қабілетті және жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуде, баланың кішкене күнінен бастап өз туған өлкесін, туған ауылын, туған жерін, Отанын сүйіп өсуіне, адамгершілік қасиеттерге ие боуына,  «алтын орда- алтын ұясы» септігін тигізетін атап өтті.

Жиында педагогтер жас ұрпақты тәрбиелеуде қоғам алдында тұрған проблемалар шеңберінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің аспектілерін талқылады.

Ссылка облако https://cloud.mail.ru/public/o6zp/2wVHGRZHD

 

 

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының

аға оқытушылары Г.Орынбасарова, Б.Тулегенова, Л.Тастанова