Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Сапалы бейнесабақ – сапалы білім!

 2021 жылдың 11 ақпанында «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес қашықтықтан оқыту жағдайында мүғалімнің кәсіби дағдысын дамыту мақсатында Шымкент қаласы, №124 жалпы орта мектеп мұғалімдеріне «Бейнесабақ жасаудың тиімді жолдары» тақырыбында шебер-сынып өткізілді.

Онлайн форматта жұмыс жасап жатқан мұғалімнің оқушыға сапалы білім беруі үшін жан-жақты ізденіп, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдауы қажет, сол қажеттіліктің бірі сабақ тақырыбына байланысты сапалы бейнесабақ ұсыну. Осы қажеттілікті ескере отырып өткізілген шебер-сынып барысында кафедра аға оқытушысы Г.Садыкова бейнесабақ жасауға арналған бірнеше бағдарламалардың андатпасын ұсынып, ZOOM платформасында бейнесабақ жасаудың мүмкіндіктерін атап өтіп, Camtasia бағдарламасының қызметімен таныстырды. Camtasia бағдарламасы ортасында сабақ тақырыбына қатысты жасалған суреттер, презентация мен көрнекіліктерді тиісті жазылған аудиожазба немесе камераға түсірілген видеожазбамен сәйкестендіріп, кемшін тұстарын өңдеп нәтижесін қалай видеоға айналдыруға болатынын көрсетті. Сонымен қатар, аталған бағдарламада тақырыпқа сай дайындалған материал бойынша мұғалімнің бейнесі көріне отырып нақты уақыт кезінде бейнесабақ жасауға болатын мүмкіндігін де атап өтті.

Іс-шараның нәтижесі бойынша қатысушылар бейнесабақ жасауға байланысты  негізгі мәселелер бойынша өз ойлары  мен пікірлерін білдіріп, толғандырған сұрақтары бойынша тиісті жауаптарын алды.

 

«Әдіснама және педагогикалық инновация»

кафедрасының аға оқытушысы Г.Садыкова