Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Адалдық алаңы» толқыныңдағы ақпараттық кеңістік

«Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы бойынша ПҚ БАИ  бірлескен қызметті дамыту мақсатында «Білім Айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газетінің бас редакторы Қуантай Амантайұлы Қатшабаевпен  кездесу өткізді.

Кездесу барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, озық педагогикалық тәжірибені насихаттайтын басылымның электрондық форматына жазылу мүмкіндіктері қарастырылды. «Bilim ainasy» баспасының онлайн-нұсқасында педагогтер үшін маңызды барлық оқиғалардың толық спектрін, оқу-әдістемелік материалдармен қатар, қашықтықтан оқытуға арналған сабақ  үлгілерін табуға болады. Баспасының онлайн-нұсқасында оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қызметі кеңінен ұсынылған.

Қуанышай Амантайұлы институттың бөлім  басшыларына жазылу нұсқаларымен және республикалық басылымда мақалаларды жариялау мүмкіндігімен таныстырды. Блогосфераның бас журналисті ақпараттық кеңістік пен әлеуметтік желілерді дамыту жағдайындағы бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысымен таныстырып,  ақпараттық ортадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесін қозғады және оқырмандардың жемқорлыққа қарсы жаңа дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған өзінің қағидатты (ұстанатын) пікірін білдірді.

«Bilim ainasy» баспасының онлайн-нұсқасында Елбасының тапсырмасы бойынша құрылған бүкіл ел көлемінде «Adaldyq alańy» бірыңғай брендімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңселер аясында педагогтерге насихаттау жұмыстары жүргізіледі.

Филиал директоры Искакова Лаура Тұрлыбекқызы 2021 жылға арналған институтының «Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-шаралар жоспарына» тоқталды.

   

Рахимжанова Г.К., Нурлыбаева Ж.Л. 

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасы