Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатпен кездесу

2020 жылдың 28 желтоқсанында Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер Комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Оспанов Берік Серікұлымен кездесу өтті.

Жиналысты институт директоры, п.ғ.д., профессор Искакова Лаура Тұрлыбекқызы ашып, жиынға қатысушыларға қазақстандық саяси және мемлекет қайраткер, экономика ғылымдарының докторы, 6-шы шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Серікұлымен таныстырды.

Өз сөзінде Берік Серікұлы 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Мәжілісі сайлауы туралы айтып, «Нұр Отан» партиясының бағдарламасының  басым бағыттарына шолу жасады. Сонымен қатар, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерімен бірге Шымкент қаласын дамытудың негізгі аспектілеріне тоқталды.

Берік Серікұлы сайлауалды бағдарламасы аясында көтеретін мәселелерді ашып айтып, «Біз үшін әр сайлаушының дауысы маңызды. Сіздің таңдауыңыз — бүкіл елдің болашағын таңдау.  Мен сіздерді 10 қаңтарда «Нұр Отан» партиясына дауыс беруге шақырамын!» деп сөзін қорытындылады.

Жиналыста Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлаушыларымен пікір алмасып, өзекті, оның ішінде білім саласын дамыту, педагог мәртебесін көтеру мәселелерін талқылап, туындаған сұрақтарға жауап берді.