Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Еліміздің үздік мұғалімдерінің эстафетасы»

2020 жылдың 28 желтоқсанында виртуалды білім беру маршруты шеңберінде озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында «Еліміздің үздік мұғалімдерінің эстафетасына» қатысқаны үшін мұғалімдерге «Өрлеу» БАҰО» сертификаттарын табыстау рәсімі өтті. «Өрлеу» білім беру арнасында 2-тоқсанға орта білім берудің барлық пәндері бойынша цифрлық сабақтардың мазмұнын әзірлеуге және дайындауға белсенді қатысқан үздік мұғалімдер аталып өтті.

Құрметті әріптестер, құттықтаймыз!

 

 

Қоғам алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізге, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар мен еліміздің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!