Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы бірыңғай тәсілдің қолданылуы: «Өрлеу»БАҰО» тәжірбиесі» атты тікелей эфир

2020 жылдың 22 желтоқсанында «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы бірыңғай тәсілдің қолданылуы: «Өрлеу»БАҰО» тәжірбиесі» атты баяндамамен «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директоры, п.ғ.д., профессор Искакова Лаура Тұрлыбекқызы тікелей эфирге шықты.

Эфир барысында қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру жүйелерін өзгерту және жетілдірудегі проблемалармен қатар перспективалары; қашықтықтан оқыту технологияларын тиімді қолдануда мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі; «Өрлеу» Білім беру арнасы — мұғалімдерге арналған білім беру мазмұнын дамыту бойынша цифрлық  контентінің мазмұны туралы баяндалды.

Сонымен қатар, мұғалімге онлайн сабақтарды дайындау, білім беру процесінің тиімділігін арттыруда мультимедиялық  құралдарын интеграциялауға мүмкіндік беретін түрлі білім беру және цифрлық платформаларға сілтемелер жасалды.

 

Тікелей эфирдің толық нұсқасын «Өрлеу» БАҰО» АҚ  ФБ парақшасында келесі сілтеме бойынша көруге болады https://fb.watch/2xAlHMfIKg/