Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

АЙДЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ

Айберова Гүлжан Қасымбекқызы 1989 жылы М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын бітіргеннен кейін өзінің педагогикалық еңбек жолын мектепте орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастады.

Гүлжан Қасымбекқызы 2010 жылдың мамыр айынан бастап ОҚО педагогикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтында, ал 2012 жылдан «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚ БАИ болып атауы өзгертілген институттың «Педагогика және психология» кафедрасында жұмыс істеген. 2015 жылдың қыркүйек айынан қоғаммен байланыс және баспа ісі бөлім басшысының қызметін атқарды. Жұмыс жағынан өзін жоғары білікті маман ретінде таныта білді, ол өз қызметінде жауапкершілік, тәртіптілік, мейірімділік қағидаттарын басшылыққа алды. Табысты ғылыми-әдістемелік жұмыспен айналысып, 3 әдістемелік нұсқаулық және 30-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

Гульжан Қасымбекқызы «Республикалық «Жыл Әдіскері – 2013» байқауының жүлдегері.

Педагогикалық білім беру саласындағы қазіргі заманғы үрдістерді, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың озық тәсілдерін меңгере отырып, өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жоғарлатып отырады, келесі біліктілікті арттыру курстарынан өткен:

  • «Непрерывное профессиональное развитие педагогов», Брисбен қ., Австралия, 2013;
  • «ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе» Intel, Тараз, 2013;
  • The Role of Teachers Union in a Market Economy and Trade Union Leadership Intermediate Level, Всемирная федерация профсоюзов учителей, 2015
  • «Молодежь переходного возраста: права по занятости и репродуктивному здоровью», Фонд Евразия Центральной Азии, 2015
  • «Тілдердің үштұғырлығы» жобасы: ізденіс, шығармашылық жылдары және жетістіктер», ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталық, 2015
  • «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңының нормалары мен ережелерінің қолдану тәжірибесі, ҚР Кәсіподақтар федерациясы «ҚРКФ оқыту, зерттеу, және дауларды реттеу орталығы», 2015
  • «Практика применения норм и положений закона РК «О профессиональных союзах» (2015 г.). «Русский язык.
  • Проектирование учебных заданий как средство формирования функциональной грамотности школьников», НАО им.И.Алтынсарина, 2016

Гүлжан Қасымбекқызының ұйымдастырушылық қабілеті ұжымда байқалып, 2013-2018 ж.ж. ол кәсіподақ комитетінің төрайымы болды. Жетекші ретінде кәсіподақ ұйымы комитетінің белсенділігін арттырды, жас мамандарды ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге тарта алды.

Айберова Г. К. білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі үшін және жемісті өндірістік және қоғамдық қызметі үшін:

  • ОҚО әкімі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның Алғыс хатымен, 2012 ж.;
  • ОҚО Білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2012 ж.;
  • ОҚО Бала құқықтарын қорғау Департаментінің Құрмет грамотасымен, 2013 ж.;
  • «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының Құрмет Грамотасымен, 2013 ж. марапатталған.
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі, 2016ж.
  • ОҚО Әкімінің «Алғыс хатымен», 2017ж.

марапатталған.

Қазіргі таңда «Курсаралық қолдау және инновацияларды ендіру» зертханасының меңгерушісі ретіндегі кәсіби сапалары, ұйымдастырушылық және педагогикалық қызметінің айтарлықтай тәжірибесі оған біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіруге елеулі үлес қосуға мүмкіндік беруде.

Гүлжан Қасымбекқызын «Айдың үздік қызметкері» атағымен құттықтаймыз! Кәсіби қызметіңізге одан әрі табыстылық, жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Сіздің жоғары кәсіби тәжірибеңіз біздің облыста білім беруді дамытуға үлес қосарына сенімдіміз. Сізге және сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-береке тілейміз!