Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Конференцияда латын графикасының ерекшеліктері қарастырылды

Жуырда ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша  өткен  кеңесте Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова  ғылыми тұрғыдан зерделенген әліпби жобасын ұсынды. Жетілдірілген әліпби халқымыздың жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді, диграфтар, яғни бір дыбысты екі немесе одан көп таңбамен белгілеу принципі қолданылмайды.

Бұл әліпби жобасында қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

Осыған орай 2020 жылғы 16 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының «2018-2020 жылдарға арналған латын графикасына деңгейлеп көшу іс-шараларының» жұмыс жоспарына сәйкес, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ мен бірлеск

ен түрде «Латын әліпбиіне көшу жағдайында бастауыш мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру шарттары» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Конференцияның мақсаты: латын  әліпбиіне көшу кезеңдеріне сәйкес педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруда әліпбидің әдістемелік мәселелерін талқылау.

Іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің қызметкерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Облыс  бойынша 70 аудандық білім бөлімдерінің педагогтері, Шымкент қаласы бойынша 20-дан астам педагогтер қауымы онлайн режимде қатысты.

Семинар барысында  келесі баяндамашылар өз іс-тәжірибелерін ұсынды: «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының п.ғ.к — Куанышбаева Зауре Бекеновна латын графикасының шығу тарихына терең тоқталып құнды баяндама жасады.  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»  кафедрасының аға оқытушысы Тулекова Айша Курманбековна, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы, филология магистрі, халықаралық деңгейдегі тренер — Кансеитова Жұмагүл Жұмабекқызы, Шымкент қаласы, №52 мектеп –лицей директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары — Еркинбекова Алия Абибуллаевна,Сарыағаш ауданы Абай атындағы №18 ЖОМ директорының орынбасары — Жиенова   Раушан Серикбаевна.

Семинар кеңестің соңында қатысушылар латын әліпбиін ендірудегі өзекті мәселелері  аясында ұсыныстар және пікірлер айтты.

Нәтижесінде конференцияда құнды баяндамашыларды институт директорының алғыс хатымен марапатталды.

 

 

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту»

кафедрасының  аға оқытушысы М.Калымбет