Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

2020 жылдың Қыркүйек айының 07-18 аралығында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде информатика пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы өткізілді. Бағдарламаға сай 15 қыркүйекте  «Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбымен мұғалімдер онлайн және қашықтықта жұмыстар жүргізді.

Пән мұғалімдері  критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымын түсініп, критериалды бағалау жүйесінің түйінді идеяларын жіктеп, қалыптастырушы бағалаудың негізгі функцияларын анықтады.

Өздерінің  тәжірибеде қолданып жүрген қалыптастырушы бағалаудың әдістерін топта талқылап, ең маңызды деген бір әдісті анықтап, таныстыра білді.

Қалыптастырушы бағалаудың 5 стратегиясына талдаулар жүргізді:

  • Бағалау критерийлері мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру
  • Сыныпта тиімді өзара әрекеттер қалыптастыру
  • Оқушыларға кері байланыс беру
  • Оқушылардың өз білімін «жасаушы/құрастырушы» бола алуы
  • Өзара оқыту үдерісіне білім алушыларды жұмылдыру

Сабақтағы қалыптастырушы бағалауды толық қамтамасыз ететіндей іс-әрекеттерді жоспарлады:

  1. Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтиже (Қол жеткізілетін және күтілетін нәтижелердің арақатынасын есепке ала отырып, сондай-ақ, оқушылардың қажеттілігіне қарай мақсатты анықтау)
  2. Бағалау құралдары (Оқу мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін құралдарды (критерийлер, дескрипторлар, деңгейлер және т.б.) құрастыру
  3. Оқыту әдістері мен бағалау (Сабақта оқу мақсатына жетуді қамтамасыз ететіндей іс-әрекеттерді жоспарлау)

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»

кафедрасысының аға оқытушысы Сугирова Б.А