Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Біліктілікті арттыру жүйесіндегі онлайн-вебинар

2020 ж.10.11. жұлдызында мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне  «Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда педагогикалық аспектілерін жетілдіру» тақырыбында онлайн форматта  вебинар ұйымдастырылды.

Мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдіскердің әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда педагогикалық әдіс–тәсілдерді жетілдіру, кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Міндеттері: мектепке дейінгі ұйымның кәсіби іс-әрекет бойынша тәжірибе алмасудың әдістері мен түрлерін талқылау; әдістемелік кабинеттің жұмысын  ұйымдастыру ерекшеліктері мен замануи тәсілдерді қарастыру.

Вебинар барысында әдіскер тәрбиешілерге әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда педагогикалық өзара байланыстың табыстылығы, кәсіби құзыреттілігін арттыруда тиімді жолдары мен сан алуан әдістемелік амал-тәсілдері көрсетілді,  ақпараттық пайдалы мәліметтер берілді. Қатысушылар өздеріне қажетті құнды мәліметтер алғандарына алғыстарын білдірді.

 

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру»

кафедрасының аға оқытушысы Естемирова А.М.