Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Облыстық конференция «STEAM — білім беруді дамытудың өзекті аспектілері»

2020 жылдың 10 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан  облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Түркістан облысының адами әлеуетін дамыту басқармасы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, өткізу және курстан кейінгі жұмыс бойынша бірлескен жоспарға сәйкес «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасы заманауи цифрлық технологияларды дамыту және адам қызметінің барлық салаларын цифрландырудың жылдам қарқынмен өтуіне байланысты «STEM» білім берудің маңызын және өзектітілігін зерттеушілік қызметтер мен тәжірибелік форматтарда көрсету мақсатында «STEAM – білім беруді дамытудың өзекті аспектілері» тақырыбында жалпы орта білім беретін мектептеріне арналған облыстық конференция онлайн форматта  өткізілді.

Конференция жұмысына Түркістан  облысы және Шымкент қаласы бойынша  86 педагог қатысты.

Конференцияның мақсаты:

Заманауи цифрлық технологияларды дамыту және адам қызметінің барлық салаларын цифрландырудың жылдам қарқынмен өтуіне байланысты «STEM» білім берудің маңызын және өзектілігін зерттеушілік қызметтер мен тәжірибелік форматтарда көрсету.

Конференцияның  міндеттері:

        Оқушылардың функционалдық сауаттылықтары, олардың өмірлік және кәсіби перспективалары, өз күштеріне деген сенімділік STEAM-білім берудің тек қана құзыретті жұмыс күшін тәрбиелеу ғана емес, оқушылардың ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Нақты өмірде ғылыми-техникалық білімді қолдану;
  2. Жобаларға қатысты жасампаз (креативті) және инновациялық тәсілдер;
  3. STEM мектеп бағдарламасына қосымша ретінде.

Іс-шара барысында қатысушылар зерттеушілік қызметтер мен тәжірибелік форматтарда өз іс-тәжірибелерімен алмасып, белсенділік танытты. Конференцияда мынадай тақырыптар аясында сөз қозғалды:

  • Жаратылыстану пәндерін оқытуда STEM технологияны қолдану тиімділігі;
  • STEAM-білім беру әмбебап құралы ретінде;
  • География   пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстың  тиімділігі;
  • Жаңартылған білім аясындағы әдіс- тәсілдерді интеграцияланған сабақта қолданудың тиімділігі;
  • Үй жағдайында лабораториялық тажирибелерді орындауда пәнаралык байланыстың тиімділігі;
  • Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық қызметі;
  • STEM — мектеп оқушыларын оқытудың жаңа әдістемесі және әлемдік білім берудің негізгі тренд;
  • Технология STEAM -профессия будущего;
  • STEM — білім беру жүйесін мектеп бағдарламасына кіріктірудің тиімділігі;
  • Биология пәнінен білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негіздері;
  • STEM білім беруді ұйымдастырудың негізгі тәсілдері.

Осы шарада үздіксіз ізденімпаздығы және мазмұнды іс-тәжірибесі үшін қатысушылар мадақтамалармен марапатталды. Конференцияны қорытындылай келе, қатысушылар мәселелерді талқылаудың конструктивті сипатын, конференция жұмысы барысындағы пікірталастардың ашықтығы мен практикалық бағытын атап өтті.

Шара соңында облыстық конференцияға талдау жасалып, әдістемелік ұсыныстар берілді:

  • Пән мұғалімдері тәжірибелік және зертханалық сабақтарда STEM, STEAM технологиялары бойынша белсенді жұмыс жасау керек;
  • STEM, STEAM технологиялары бойынша факультативті сабақтарды ұйымдастыру қажет;
  • Жаратылыстану пәндері сабақтарында сандық зертханаларды кеңінен қолдану қажет.

Конференция қорытындысы бойынша PDF форматында электронды жинақ дайындалып, orleu-uko.kz сайтында жарияланады.

https://cloud.mail.ru/public/3ZMJ/31MVcoxZS

 

«Инновациялық білім беру және

ақпараттық технологиялар» кафедрасы