Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Жаратылыстану» пәніндегі белсенді оқу жаттығулары

Жаратылыстану ғылымы бастауыш сынып оқушыларының табиғи білім құмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі. Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған.

2020 жылдың 10-қараша күні ауыл мектептеріне әдістемелік көмек көрсету үшін  онлайн режимінде «Жаратылыстану» пәніндегі белсенді оқу жаттығулары» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Қатысушылар саны-30.

Мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдеріне «Жаратылыстану» пәнінде белсенді оқу жаттығуларын қолдану бойынша әдістемелік көмек беру.

Іс-шара барысында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы А.К Мынбаева бастауыш сынып мұғалімдеріне «Жаратылыстану» пәніндегі белсенді оқу жаттығулары жайлы мағлұматтар берді, сонымен қатар онлайн сабақтарда зерттеу жүргізу әдістерін, тапсырмалар түрлерін қолданудың тиімді жолдарын көрсетті.

Онлайн жиында Жетісай ауданның №68 «Жібек жолы» ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі С.С Қазыбекова, №8 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Л.Ж. Сапарова, №65 «Достық»ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі А.О Аблаевалар «белсенді оқу жаттығулары» бойынша ақпараттарымен бөлісті.

Шеберлік сыныптың практикалық құндылығы — онлайн сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдануға болатын бақылау, экспермент, өлшеу, модельдеу, ақпарат көзімен жұмыс беру тапсырмаларын құрастыру болды. Нәтижесінде педагогтер белсенді оқу жаттығуларының көмегімен онлайн сабағына қажетті тапсырмалардың тиімді үлгілерін алуға болатынын атап өтті.

 

 

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту»

кафедрасының аға оқытушысы  Мынбаева А.К.