Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Айдың «Үздік қызметкері»!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚ БА институтында  ай сайын өтетін «Айдың үздік қызметкері» байқауы басталды. Байқау институт қызметкерлерінің мансаптық өсуін ынталандыру, олардың кәсіби деңгейін арттыру, белсенді, бастамашыл қызметкерлерді қолдау мақсатында өткізіледі. Конкурсқа барлық қызметкерлер ұйым басшылығының, құрылымдық бөлімше басшысының ұсынуы немесе қызметкердің жеке өтініші негізінде қатыса алады.

Ұйымдастыру комиссия шешімімен 2020 жылдың қазан айында  «Айдың үздік қызметкері» атағын институттың кітапхана ісінің бас маманы Сеитказиева Замира Сатаровна иеленді.

Сеитказиева Замира  өз кәсібіне шексіз берілген  және кітапхана ісінің заманауи тәсілдерін жетік меңгерген, үнемі шығармашылық ізденісте жүретін маман. Түркістан облысы және  Шымкент қаласы білім беру ұйымдары мен көпшілік  кітапханалары мамандары арасында жоғары беделге ие.

Ол мектеп кітапханалары қызметін ұйымдастыру бойынша 20-дан астам әдістемелік нұсқаулықтардың авторы, мақалалары кәсіби және педагогикалық басылымдарда тұрақты жарияланады. Ағымдағы жылы өз саласы бойынша 9 мақаласы жарық көрді.

Биыл филиалдың 60-тан астам онлайн-іс-шаралар ұйымдастырып, фейсбук және  инстаграмм парақшасында жариялады, олардың қаралымы 10000-ға жуық. Оның ішінде Абайдың 175 жылдығына – 12; Шымкент қаласының ТМД елдерінің мәдени астанасы атануына орай – 6; Ұлы Жеңістің 75 жылдығына – 5; әл-Фарабидің 1150 жылдығына – 4; мектеп оқушыларына арналған -8.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының тапсырмасына  сәйкес, тамыз айында Түркістан облысы және  Шымкент қаласының ата-аналары мен оқушылары үшін    қашықтықтан оқыту бойынша  түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған онлайн вебинарларды  өткізді, осы туралы «Айғақ» облыстық телеарнасына  сұхбат берді.

Шымкент қаласы мектеп кітапханашыларымен 2 семинар ұйымдастырды.

Замира Сатаровнаға  кез-келген уақытта түрлі мәселе бойынша жүгінуге және әрқашан жақсы кеңес пен білікті көмек алуға болады.

Сеитказиева Замира Сатаровнаны «Айдың үздік қызметкері» құрметті атағымен құттықтаймыз және жұмысына табыс тілейміз!