Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Халықаралық естелік эстафетасының қорытындысы

2020 жылдың  21 қазанында бүкіл адамзаттың тарихындағы Ұлы Отан соғысындағы ата-бабамыздың ерліктерін қадірлеу, бағалау, олардың рухына мәңгілік тағзым ету мақсатында өткен  «Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында» атты эстафетаның қорытындысы бойынша вебинар өтті. Аталмыш іс-шараға облыс және қала мұғалімдері мен жақын және алыс шетелдерден қонақтар қатысты.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директордың м.а. М.Б.Ахтаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай өткен мерекелік іс-шаралардың  қорытындысы бойынша ақпарат беріп, эстафетаға белсенді қолдау көрсеткен  барлық қатысушыларға үлкен алғысын айтты.

Кітапханашы Сеитказиева З. «Тысяча поклонов Тебе, воин» тақырыбы аясында  ауқымды іс шаралар туралы баяндады.

«Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында» атты эстафета 2020 жылдың  21 сәуірінде  басталды. Еліміздің  түкпір-түкпірінен, сонымен қатар Украина, Ресей, Ұлыбритания елдерінен де көптеген азаматтар  институттың білім беру қорына  видеоматериалдарын жолдады. Әрбір тарихи түсірілім Ұлы Отан соғысындағы өз бабаларының ерлігі мен батырлық даңқы жайлы мақтанышпен берілген мәліметтерге толы болды.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, эстафетаның халықаралық денгейде өткеніне назар салды.

http://www.orleu-uko.kz/  сайтында эстафета бойынша қорытындылар жарияланады.

https://cloud.mail.ru/public/4ixM/3qEDJzrfY

Жоба ұйымдастырушылары, «Мектепке  дейінгі тәрбиелеу және

бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары

Баталова Е.Г., Калиева Х.А.