Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Ақпараттық қоғамның даму жағдайында өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары

2020 жылдың қазан айының 22 күні  «Ақпараттық қоғамның даму жағдайында өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары» тақырыбында «Өлкетану» пәні мұғалімдерінің қатысуымен облыстық вебинар өткізілді.

Мақсаты:  Педагогтерге білім беру үдерісінде өлкетануды оқытуда ІТ, STEAM –технологиялар мен педагогикалық құралдары пайдаланудың  жолдарын үйрету.

 

Міндеттері: Оқушылардың аймақ бойынша жобалық жұмыстарына басшылық жасауда ақпараттық технологиямен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

                                           

Вебинарға қатысушылар ақпараттық технологияның оқу үдерісінде пайдалану арқылы, әсіресе, өзінің өлкесін тереңірек танып білуде көптеген дағдыларды қалыптастыратынын атап көрсетті. Мысалы, мәселені кешенді түсіну, шығармашылық ойлау, сыни ойлау дағдылары қалыптасып, жобалау негіздерін түсінуге негіздері қаланатыны айтылды.

 

«Мектепке дейінгі тәрбие және тұрғаны әлеуметтендіру» кафедрасының

тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы Б.Байназарова