Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Көркем еңбек пәні мұғалімдеріне тренинг өткізілді

2020 жылдың 21 қазанында білім мазмұнын жаңарту жағдайында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне «Тиімді оқыту және оқу тәсілдері» тақырыбында  ZOOM платформасында тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты:

— тиімді оқыту және оқу тәсілдерімен таныстыру;

— оқыту мен оқуда тиімді педагогикалық әдіс тәсілдерді қолдана білуге дағдыландыру.

Міндеті: пән бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету, бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Тренингке Ордабасы ауданы  және Арыс  қаласының мектеп мұғалімдері қатысты. Тренинг барысында мұғалімдер қашықтықтан оқыту кезеңіндегі көркем еңбек пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы аясындағы педагогикалық тәсілдер туралы өзара тәжірибелерімен алмасты.  Іс – шара  соңында тренер қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

                                                                                               «Менеджмент және ақпараттық технологиялар»

                                                                                                кафедрасының  аға оқытушы Қ.Нұрбеков