Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Тиімді оқыту мен оқудың сипаттамасы» тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстел

2020 жылдың 13 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ жоспарына сәйкес ZOOM платформасында облыстың 20 орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Тиімді оқыту мен оқудың сипаттамасы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: мұғалімдерге тиімді оқыту мен оқытудың сипаттамаларын түсіндіру.

Міндеті: оқу бағдарламаларында тиімді педагогикалық әдістерді қолдануға үйрету.

Мұғалімдер тиімді оқытудың сипаттамасымен танысты: жеке тәжірибе, бірлескен оқыту, оқытуды саралау, пәнаралық байланыс, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқыту кезінде талқылау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану және модельдеу.

Дөңгелек үстел барысында тренер оқыту мысалдарын келтіреді, қатысушылар тиімді оқыту шеберлігімен, оқытудың белсенді әдістерін қолдану тәжірибесімен және кері байланыс техникасымен өзара алмасады. Сайрам ауданының Б.Наметова атындағы №82 мектебінің мұғалімі Бексаидова Ирода және Н.Шойынбаева атындағы № 33 мектебінің мұғалімі Байназарова Калима ерекше белсенділік танытты. Іс – шара  соңында тренер қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

 

                                                                                  «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру»

                                                                                   кафедрасының  аға оқытушысы Ш. А. Оспанқұлова