Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндеріндегі тиімді оқыту және оқу тәсілдерінің маңыздылығы»

2020 жылдың 13-қазанында «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы М.Бименованың ұйымдастыруымен «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндеріндегі тиімді оқыту және оқу тәсілдерінің маңыздылығы» тақырыбында тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты: Қашықтықтан оқыту кезеңіндегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінде педагогикалық тәсілдер мен ақпараттық технологяларды тиімді қолдануды іске асыру.

Іс-шараға Түркістан облыс және Шымкент қаласының мектеп мұғалімдері қатысты. Тренинг барысында мұғалімдер қашықтықтан оқыту кезеңіндегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы аясындағы педагогикалық тәсілдер туралы өзара тәжірибелерімен алмасты.

Шымкент қаласы, Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының мұғалімі Салыбекова Бибигул өз тәжірибесімен бөлісіп, келесі тақырыптарда сөз қозғады:

  • Қашықтықтан оқытудағы мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату;
  • Интернет ресурстары мен ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану;
  • Сабақ мақсаттарын тиімді іске асыру мен кері байланыс түрлері.

Трененингке қатысушылар тарапынан қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу бағдарламасындағы «Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер» бөлімінде ұсынылған тәсілдерді өз тәжірибелерінде қалай қолданып жүргендері туралы ойларымен бөлісті, пікірлерін білдірді

Тренингтің қорытындысында «Қашықтықтан оқыту кезінде  оқушылардың оқуын қалай  тиімді болуын қамтамасыз етеміз?»- деген тақырыпта сөз қозғап, талқылаулар жасады. Мұғалім әрбір сабаққа жан-жақты даярланып, оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында тиімді әдістер мен ресурстарды пайдалану қажет екендігін атап көрсетті. Бұл, әрине, белсенді оқытуды қамтамасыз етіп, оқушының өз бетімен жұмыс жасауына ықпал етеді, қашықтықтан оқыту кезеңіндегі мұғалімнің тәжірибесін дамытады деген қорытындыға келді.

Іс-шараға қатысып, өз тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге алғыс білдіріліп, істеріне сәттілік тіледі.

 

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының 

аға оқытушысы Бименова М.Т.