Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Қалыптастырушы бағалау — табыс баспалдағы» тақырыбындағы семинар

2020 жылдың 14 қазанында «Білім беру процессін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы Ж.Копабаева «Қалыптастырушы бағалау — табыс баспалдағы» тақырыбында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне семинар өтті. Семинарға 20 мұғалім қатысты.

Мақсаты: Қалыптастырушы бағалаудың мазмұнын түсіндіру және  тапсырмаларын дайындауды үйрету.

Мұғалім бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне,  жоғары деңгейге жетуге ынталануына ықпал ете алады. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты – оқу  материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының  кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім – оқушы   арасында кері байланысты орнату.

Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері – оқушының  күнделікті білім сапасы,  білім алудағы кемшіліктерді күнделікті түзеу,  оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау  дағдылары.

Семинар барысында қатысушылар қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылатыны туралы ақпарат алып, тапсырмалар орындап, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар критерийлерге тапсырмалар құрастырып, оларға дескрипторлар анықтады.

                                                     «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасы