Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Қашықтықтан оқытудың тиімді жолдары қарастырылды

 2020 жылдың 14 қазанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұйымдастыруымен «Бастауыш мектепке қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері»  тақырыбында вебинар өтті. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері қарастырылған іс-шараға  Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ, Шымкент қалалық білім беру басқармасы және С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінің  өкілдері  қатысты.

Вебинарда  «Мектепке  дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының  меңгерушісі, п.ғ.к. М.Құдайбергенова «Қашықтықтан оқыту жағдайында  педагогтің құзыреттілігін арттыру жолдары» тақырыбында  баяндама оқыды. Баяндамада келесідей мәселелер қаралды:

  1. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері.
  2. Тапсырмаларды дұрыс ұсыну.
  3. Белгілі бір платформамен жұмыс жасау.
  4. Бағалау жүйесіндегі өзгерістер.
  5. БЖБ, ТЖБ алудың тиімді жолдары.

Нәтижесінде еліміздің ертеңі болар, білімді, білікті өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қашықтықтан оқытудың тиімді жолдары ұсынылды.

                                                                                         

 

 

                                                                                         «Мектепке  дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту»

                                                                                          кафедрасының  меңгерушісі, п.ғ.к.  М.Құдайбергенова