Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Педагог қызметінің жалпы және  кәсіби құзырлығын  қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу, қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білу  мақсатында 2020 жылдың 25 қыркүйек күні онлайн режимінде «Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда шебер-сынып  технологиясы» тақырыбында шебер-сынып өткізілді. Іс-шараға Түркістан облысы және Шымкент қаласына қарасты 17 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.

Шебер-сынып барысында тыңдаушыларға адамның рухани дүниесін бағалай білуге баулу, жағымды ой, ішкі сезімін қалыптастыру, адамның ішкі мүмкіндіктері туралы ұғымды кеңейту, өз күшіне сену және өз-өзіне баға беруді дамыту туралы түсіндірілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысында түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы ретінде, оқу міндеттері мен мақсатына жету деңгейін анықтауға  мүмкіндік беретіндігін және тәрбиеші мен баланың жетістіктері мен қиындықтары туралы айтылды.

Шебер-сынып – бұл түпкілікті әзірленген түпнұсқа әдістерді немесе авторлық әдістемелерді көрсететін, өзіндік қағидасына сүйенетін және белгілі бір құрылымы бар педагогикалық тәжірибені қорытудың және таратудың ерекше формасы екендігі ұғындырылды.

Қортындылай келе қатысушылар шебер тәрбишінің кәсіпқой болуы, жемісті өзара әрекет жасауы қажет деген өздерінің ойларын білдірді.  Педагогтардың кәсіби шыңдалуларына өз үлестерін косып іс-шараны  ұйымдастырған институт оқытушыларына рахметтерін айтты.

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық

сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы

Адилаева Алма