Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

«Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген екен Ахмет Байтұрсынұлы.

Ұстаз — келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні — мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.

Тәуелсіз қазақ елінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан Сакенова Гулмира Жарылқасынқызының ұстаздық жолындағы еңбек өтілімі 31 жылға таяпты. Ұрпақ тәрбиесінде Гулмира Жарылқасынқызы талантты, білікті және жауапкершілігі мен адамгершілігі  мол педагог деп айтсақ қателеспейміз.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының №80 IТ-лицей мектебінде қызмет атқарады. 2015 жылы «Жылдың үздік сынып жетекшісі» байқауында және 2016 жылы «Жыл мұғалімі» конкурсында жеңіске жеткен. Жыл сайын қайырымдылық акцияларға белсенді қатысқаны үшін қала әкімінің алғыс хатына ие болған.

Шәкірттері Исабек Орал мен Досқал Көбей 2012 жылы Франциядағы халықаралық байқауға қатысып 12-ші орынды иеленді. 2018 жылы Баку қаласында «Оқитын адам — әлемнің болашақ ғалымы»  байқауынан, оқушысы Тагаева Асель бірінші орынмен  елімізге оралды.

Гулмира Жарылқасынқызы өз жұмысын өте жақсы көретін ұстаздардың бірі және үш баланы тәрбиелеп отырған мейірімді ана.

 

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық

сүйемелдеу» кафедрасы