Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Ұстаздар мен ата-аңаларға тұлғаны тәрбиелеуге кеңес берілді

 

2020 жылдың 24 қыркүйек күні онлайн режимінде «Бақытты және жеңімпаз баланы тәрбиелеу жолдары» тақырыбында кафедра аға оқытушысы Егенова Назгул Атаевна психологтарға, ата-аналарға, тәрбиешілерге және ұстаздарға арналған семинар-тренинг өткізді. Іс-шараға 14 тыңдаушы қатысты.

Семинар-тренинг өткізу мақсаты: батыл, ержүрек, болашаққа нық қадам басатын биік тұлғалы азаматты тәрбиелеу жөнінде ата-аналарға, ұстаздарға кеңес беру.

Міндеттері:

— баланың даму сатыларын білу;

— тиімді қарым-қатынас жасау жолдарын білу;

— өзіне-өзі сенімді тұлғаны қалыптастыру.

Тәрбие қарым-қатынастан басталады, ал бала дүниеге келген күннен басталған ана мен бала арасындағы қарым-қатынас сипаты баланың әрі қарай тұлғалық дамуын анықтайды. Сондықтан семинар қатысушыларына тақырыпты толықтай тарқату үшін жан-жақты түсініктеме берілді.

Іс-шара барысында бала тәрбиесінің тиімді жолдары мен сан алуан амал-тәсілдері көрсетілді,  пайдалы мәліметтер беріліп болашаққа нық қадам басатын биік тұлғалы азамат етіп өсіруге ықпал ету және баланың даму сатыларының ерекшеліктері жайлы айтылды.

Алыңған ілім негізінде ата-аналар тәрбие барысында өз кемшіліктерін алдағы уақытта түзетуді,  және балаларды анағұрлым бақытты етіп өсіруге бар ынталарын салу қажет екенін ұғынды. Семинарға қатысушылар өздеріне қажетті құнды мәліметтер алғандарына алғыстарын білдірді.

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық

сүйемелдеу» кафедрасы