Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Мектеп кітапханасының даму перспективалары

2020 жылдың 16 қыркүйегінде ZOOM платформасында «Білім беруді модернизациялау жағдайында мектеп кітапханасының даму перспективалары» тақырыбында мектеп кітапханашыларымен онлайн-кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты:

  • Кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін арттыру жүйесіндегі әдістерді қарастыру
  • Мектеп кітапханасына заманауи инновациялар мен жаңа формация динамикасын енгізу.

Міндеттері:

  • Оқушылармен белсенді өзара әрекетін ұйымдастыру, қамтамасыз құралы ретінде кітапханалық қызмет көрсетудің жоспарын түзу
  • Оқушыға қойылатын тұлғалық, жүйелі-әлеуметтік, пәндік нәтижелерге (ЖМББС 2012) жетістігін қамтамасыз ету жоспарын жоспарлау
  • Мектеп оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісінде Цифрлы білім беру ресурстарының негізгі түрлерін анықтау. BilimLand білім беру платформасының өнімдерінің мүмкіндіктерін көрсету.

Сондай-ақ, тыңдаушылар өз ойларымен бөлісе отырып, ғылымның негіздерін игеруге, жоғары моральдық-құқықтық қасиеттерді, патриоттық сезімдерді, этикалық және эстетикалық түсініктерді қалыптастыруға жалғасын тапты.

 

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Естемирова Алия Махатовна