Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Қашықтықтан оқытуда музыка сабағында кездесетін қиындықтарды шешу жолдары

2020 жылдың 11 қыркүйегінде музыка пәнінің мұғалімдерімен «Қашықтықтан оқытуда музыка сабағында кездесетін қиындықтарды шешу жолдары» атты тақырыпта дөңгелек үстел  өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты:  Президент жолдауына орай қазіргі қашықтықтан оқыту жағдайындағы музыка сабағында кездесетін қиындықтарды мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасу арқылы, шешу жолдарын қарастыру.

     Дөңгелек үстел барысында қашықтықтан оқытуда музыка сабағында кездесетін қиындықтар ортаға салынып, оның шешу жолдары қарастырылды. Атап айтқанда, Президенттің өз Жолдауында атап көрсеткеніндей,  қашықтықтан оқытуда арнайы білім беру платформасы қалыптаспағандықтан ватсаппен жұмыс жасалып жатқандығы, әрбір берілген әндердің дұрыс орындалуын тікелей қадағалауда қиындықтар туындап отырғаны, оны тек ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шешу мүмкіндігі бар екені айтылып,  «үштік одақ» яғни, «ата-ана-оқушы-мұғалім» одағының жұмысын жандандыру тиіс деген ойлар айтылды.

Онлайн форматта сабақ өтудің тағы бір тиімді жолын өз қолдарына алған республика бойынша 42 музыка пәні мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топтың дайындап ұсынған бейнесабақтары туралы да айтылды.

Дөңгелек үстел соңында, ұстаздар курстан кейінгі ізденіс жұмыстарына тоқталып, қысқа мерзімді жоспарларды құруды тек бірлесе  шешіп  отырғанын, ынтымақтаса жұмыс жасағанда барлық қиындықтарды жеңе алатындықтарын алға тартып,  өз ризашылықтарын білдірді

 

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының

аға оқытушысы Токеев Бертай Есмаханұлы