Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Оқу үдерісінде белсенді оқу әдістерін қолдану

Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы. Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ. Сол ұрпаққа білім нәрін беретін және өмірдегі өз жолын тура табуда бағыт көрсететін тұлға – ҰСТАЗ.

2020 жылдың 01.09 – 25.09 аралығында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және  «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы онлайн форматта басталды.

Курстың екінші аптасында топ тыңдаушылары арасында «Оқу үдерісінде белсенді оқу әдістерін қолдану» тақырыбымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Пән мұғалімдері дөңгелек үстел барысында «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудағы педагогикалық тәсілдердің тиімділігін өзара талдап, оқушының берілген тапсырманы қызыға орындауына әсер ететіндігі туралы пікірлерін ортаға салды.

         «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағамдай білуді талап етеді. Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда, оқушыға бағдарланған әдіс- тәсілдер, проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу және бірлескен оқу тәсілдері жайында ой бөліскен мұғалімдер әлі де курс барысында көптеген жаңалықтармен танысып, көкейлерінде жүрген сұрақтардың жауаптарын алатынына сенім білдірді.

 

«Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Мырзатаева Г.