Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Жаңартылған білім-болашақтың кепілі

Кентау қаласында 27.07 – 21.08 аралығында  Қазақстан  Республикасында орта білім  мазмұнын  жаңарту шеңберінде  қазақ тілді  мектептердегі  «Қазақ тілі» және  «Қазақ  әдебиеті» пәндері  бойынша  педагог кадрлардың біліктілігін арттыру   тренері институтының аға оқытушысы   Кабылбаева Роза Пайзуллаевна  онлайн форматта   курс өткізуде.

Курс мақсаты:

«Қазақ тілі» және  «Қазақ  әдебиеті» пәндер бойынша Оқу бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Курс міндеттері:

1)мұғалімдердің пәндер бойынша Оқу бағдарламаларының мазмұнын білуін қамтамасыз ету;

2)пәндер бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдермен оқу материалдарын қолдануды үйрету;

3)пәндер бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қолжеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Қашықтықтан оқыту режиміндегі біліктілікті арттыру курсының 20  тыңдаушысы  дәріске белсенді қатысуда.

Курс барысында

1)мұғалімдер пәндер бойынша Оқу бағдарламаларының мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;

2)мұғалімдер пәндер бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;

3)мұғалімдер пәндер бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.  Тыңдаушылар критериалды бағалаудың құрылымы, қалыптастырушы бағалау үдерісі,   пәнді оқытуда оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және ескеру, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрылымдау мәселелеріне қызығушылықпен меңгеруде.

«Мектепке дейінгі тәрбие және    тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Кабылбаева Р.П.