Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Арыс қаласының білім беру ұйымдарының педагогтеріне шебер сынып өткізілді

 

Институт жоспарына сай  2020 жылғы 20.07-30.07 аралығында педагог тұлғасының рухани-адамгершілік тұрғыдан ішкі жан-дүниесін өзгертуіне, оның ішкі әлеуетінің ашылуына мүмкіндік туғызу мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы онлайн форматта өткізілуде.

Курс барысында 2020 жылдың 24 шілдеде «Дұрыс әрекет тәжірибесі –өмірдің  негізі ретінде» тақырыбында шебер сынып өткізілді.

Шебер сыныптың мақсаты: «Дұрыс әрекет» мәңгілік жалпыадамзаттық құндылығының мәнін ашу, дұрыс әрекеттің қасиеттерін игеру, тәжірибеде дұрыс әрекет етуге үйрену.

Youtube арқылы ссылкамен интербелсенді тапсырмалар беріліп, сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізілді.

Нәтижесінде: білім беру ұйымдарының педагогтері «Дұрыс әрекет» жалпыадамзаттық құндылығы, білім беру үдерісінің дұрыс әрекет етуге үйретудегі мақсаттары туралы, дұрыс әрекеттің қасиеттерін қарастырып, оны күнделікті өмірде қолдану тәжірибесінің маңызын меңгерді.

 

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы А.Аскарова