Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«IT-фишка» айдарында ZOOM платформасында қалай жұмыс жасау нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз

Білім саласы қашықтықтан және онлайн оқыту бағытына өткені бәрімізге мәлім.  Ұстаздарға Zoom бағдарламасында сабақ өтуі өте ыңғайлы және қарапайым екендігін көрсеткіміз келеді. Zoom бағдарламасына тегін тіркеліп және қосымшасын тегін жүктей аласыз. Сабаққа оқушыларды идентификатор номерін және құпия сөзді көшіріп алып ватсап және телеграмм сынып группаларына жіберіп шақыра аласыз.

Пайдаланудың қарапайымдылығы кез-келген құрылғыны (смартфон, планшет, ноутбук және т.б.) пайдаланып сабақтарды бастауға, қосылуға және қатысуға мүмкіндік беретін Zoom бағдарламасы қазіргі таңда  оқу орындарында және басқа да салаларда көптен қолданысқа ие. Сабақ барысында сабағыңызды жазып отырыңыз. Егер бір-екі оқушыңыз сабаққа бір себептен кіре алмай қалса, сіз жазып алған бейне сабағыңызды ватсап арқылы жіберсеңіз болады. Сабағыңызда барлық экрандағы бейнелерге қолдау көрсететін HD бейне аудионы қамтамасыз ете аласыз. Бірнеше қатысушылар экранды бөлісе алады және максималды интерактивтілік туралы ескертулер алады. Бейне материалдар жазылу барысын бұлтта немесе компьютерге сақтауға болады. Ұстаз үшін сабақ барысында «Демонстрация экрана» батырмасын басып кез-келген бейне материалдарды, алдын ала жасап қойған презентацияларды, интернет желісінен кез-келген мәліметтерді оқушыларға көрсете алуға мүмкіндігі бар.

Канаева Перизат Кабыловна

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, №71 жалпы

орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.