Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Пікірталас ұйымдастырылды

Отандық білім беру жүйесін модернизациялаудың басым бағыттарының бірі оны ақпараттандыру болып табылады, ол ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) арқылы оны байыту негізінде ақпараттық-білім беру ортасын одан әрі дамытуды, олардың қол жетімділігі мен сапасын жоғарылату мәселелерін шешу үшін тұтас оқу үрдісіне белсенді қосуды көздейді.

Осы орайда, 2020 жылдың 15-шілдесі күні «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының жаңартылған білім берудегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің аға оқытушылары арасында онлайн режимінде «Цифрлық білім беру ресурстарын білім беру үдерісінде қолдану» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерінен 8-9 сыныптарға бейнесабақтар әзірлеуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өз бетімен жұмыс жасауын қамтамасыз ететін әртүрлі ресурс көздерін, электрондық оқулықтар мен аудио, бейнематериалдарды тиімді қолдану  жайында мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар, кафедраның аға оқытушысы Нурлыбаева Ж.Л  цифрлық білім беру ресурстарын білім беру үдерісінде қолдану жайлы әдістемелік ұсынымдар беріп,өзі құрастырған бейне сабақтарынан тәжірибесімен бөлісті.

Нәтижесінде қатысушылар қашықтықтан білім компьютерлік технологияны қолдану оқу процесін оңтайландыруға, оқуды дараландыруға және білім беру іс-әрекетінің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.

«Менеджмент және ақпараттық

технологиялар» кафедрасының

                                                                    аға оқытушысы Арысбаева Ж.А