Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Ұлы даланың жеті қыры

2020 жылдың 29 маусымында «Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы Г.Тұранова «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде білім беру процесін нәтижелі ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейінгі  педагогтарына арналған облыстық семинар өткізді. Онлайн режимінде ұйымдастырылған семинарға 24 мектепке дейінгі мекеме педагогтері қатысты.

Семинар мақсаты: ұлттық құндылықтарды жаңғырту арқылы өскелең ұрпақты жан-жақты  дамыған, рухани адамгершілігі мол, ұлттық салт- дәстүрге сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдарда  тәрбие мен оқытудың  міндеттері қаралды. Сондай-ақ қатысушылар атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма  мен қызғалдақтың отаны тақырыптары аясында ойларымен бөлісті.

 Семинар соңында қатысушылар институт ұжымына және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

«Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық  

 сүйемелдеу» кафедрасы