Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Шебер- сынып ұйымдастырылды

XXI ғасырдағы білім беру процесінде визуалды әдіс өте өзекті. Суреттер оқушылардың назарын аударуға,  материалды жақсы есте сақтауға көмектеседі. Бұл плакат, постер, сызба, сурет, иллюстрация т. б. болуы мүмкін. Әр педагогке  Canva.com  сервисі көмегімен қызықты визуалды контент құруға қолайлы. Canva.com – бұл ең танымал графикалық сервистердің бірі.  Осыған орай 2020 жылдың 1-шілде күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының жоспарына сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогтері үшін  онлайн режимінде «Педагогтерге Canva.com онлайн сервисін қолданудың тиімділігі» тақырыбында шебер- сынып өткізді. Қатысушылар саны-25.

Мақсаты: Canva.com онлайн сервистері аясында терең түсінік қалыптастыру және пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыру.

Іс-шара барысында кафедраның  аға оқытушысы А.К Мынбаева білім беру қауымдастығында қолданылатын Canva.com онлайн жайлы мағлұматтар берді, сонымен қатар онлайн сабақтарда  таныстырлымдар жасау үшін графикалық дизайнді  пайдаланудың тиімді жолдарын көрсетті.

Онлайн жиында кафедраның  аға оқытушылары Г. Орынбасаровамен Ұ. Шораева «Canva.com» сервисі- платформалық графикалық дизайн қызметі туралы ақпараттарымен бөлісті.

Шебер-сыныптың практикалық құндылығы онлайн сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдануға болатын суреттерді, шаблондарды құру болды. Нәтижесінде педагогтер Canva. соm сервисі қызметінің көмегімен онлайн сабағына қажетті материалдарға суреттер, шаблондар, плакаттар т.б  тиімді жұмыстарға графикалық дизайн үлгілерін алуға болатынын атап өтті.

 

https://www.facebook.com/100021879795926/posts/760978087974844/?d=n

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту»

кафедрасының  аға оқытушысы А.К Мынбаева