Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы технологиясының тиімділігі

2020 жылдың 27 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ жедел жоспарына сәйкес кафедраның аға оқытушысы А.Адилаева «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы өнер тапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы технологиясының тиімділігі» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың  педагогтеріне арналған облыстық онлайн семинар өткізілді. Онлайн режимінде ұйымдастырылған семинарға облыстың және қаланың 25 мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты.

Онлайн семинардың мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мен дамытуда жүзеге асыру мәселелері бойынша тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинар барысында онлайн сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттармен негізгі сұрақтар қарастырылды, жауаптары толықтай берілді. Мектепке дейінгі ұйымдардың  тәрбиешілері ұйымдастырылған оқу қызметтерінің құрылымдарынан  үзінділерін көрсетті, жаңартылған бағдарламаға  сәйкес балалардың жас ерекшеліктеріне сай қолданатын тиімді инновациялық технологияларды тәжірибеге енгізу жолдары бірлесе талқыланды.

Семинар нәтижесінде  қатысушылар тиімді мағлұматтар алғандарын және тәжірибелік деңгейде өткізілгенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

«Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық  

 сүйемелдеу» кафедрасы